Қазақстанда түсті металл өндірісі ұлғайды

Қазақстанда түсті металл өндірісі ұлғайды Сурет: Azattyq-ruhy.kz

2022 жылдың 9 айында өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық көрсеткіш 104,6 пайызды құрады.


Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 «2022 жылдың тоғыз айдың қорытындысы бойынша, өңдеуші өнеркәсіпте оң үрдіс байқалып, жиынтық көрсеткіш 104,6 пайызды құрады. Машина жасау саласында 7,6 пайыз деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді шығару, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі, электр жабдықтары өндірісі, басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату артты», - деді министр.



Оның дерегінше, түсті металлургияда нақты көлем индексі 108,1 пайызды құрады.


«Тазартылған мыс, құйма алтын, түйіршіктердегі күміс, тазартылған қорғаныс, катодты мыс және тазартылған алтын шығару көлемі ұлғайды. Қара металлургияда нақты көлем индексі 100 пайызды құрады. Ферросилиций, арматуралық илек, рельстер, фасон прокаты, болат құбырлары және ферроқорытпалар өндірістерінің көлемі өсті», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Министрдің атап өтуінше, жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 10,2 пайызға өсті. Оған тоқыма бұйымдары, киім және былғары өнімдер өндірісінің өсуі оң әсер етті.


«Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10,7 пайызға артты. Азықтық фосфаттың трикальцийі мен аммофос көлемі өсті», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:42

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05