Қазақстанда тұңғыш рет пациенттерге МӘМС шеңберінде 8,5 млн теңгелік «ақылды» нейростимуляторлар орнатылды

Қазақстанда тұңғыш рет пациенттерге МӘМС шеңберінде 8,5 млн теңгелік «ақылды» нейростимуляторлар орнатылды Сурет: Денсаулық сақтау басқармасы

Алматы Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері алғаш рет екі пациенттің жұлынына жаңа қымбат нейростимуляторлар орнатты. 


Жалпы құны 8,5 млн теңгеге жуық тұратын жоғары технологиялық  медициналық қызмет МӘМС есебінен жасалды. Омыртқасы ауыратын науқастардың дертін жеңілдететін гаджет жайлы аурухана нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов әңгімелеп берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Маманның айтуынша, мұндай заманауи нейростимуляторлар Қазақстанда бұрын-соңды қолданылмаған. Жүйе Vanta SureScan MRI Medtronic деп аталады.



«Мұндай стимуляторлар омыртқасы созылмалы түрде ауыратын пациенттер үшін таптырмас құрылғы. Отадан кейін олар ауруын ұмытып, бірден бұрынғы қалыпты өмірге оралады. Vanta SureScan MRI Medtronic - ең соңғы үлгідегі, жетілдірілген, ақылды жүйе. Біз бұрын орнатып жүрген құрылғының датчиктері уақыт өте келе ауырсынуды басу қабілетінен айырылып қалатын. Оның үстіне, бұл стимулятор пациентке автоматты түрде реттеп денені кез келген қалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Бұған дейін емделушілер дене қалпын өзгерткенде ауырсынуды сезінетін», - дейді дәрігер.



Жаңа құрылғыны іс жүзінде сынап көру бақыты көп жылдан бері омыртқаның дегенеративті ауруына шалдыққан еліміздің аймағынан келген екі тұрғынға бұйырды. 
Емделушінің екеуінде де Failed Back Surgery Syndrome - FBSS-пен байланысты созылмалы нейропатиялық ауырсыну орын алған. Олар үшін қозғалу қиынға соққан. Екеуіне де аймақта бұған дейін төрт рет сәтсіз ота жасалған-тын.



«Ота 2 сағатқа созылды. Біз нейростимуляторларды шағын тілік арқылы дәл жұлынның үстіне орнаттық. Пациент оянғаннан кейін бірден жүйені іске қостық. Емделушілерге арнайы қосымша орнатылған смартфон беріледі. Ол арқылы құрылғыны қажет кезде реттеп, қосып немесе өшіруге болады», - дейді Марат Алматов.



Жаңа жүйеде «гироскоп» функциясы бар, бағдарлама соған тігілген және оны смартфонның не планшеттің көмегімен басқаруға болады. Онда омыртқаның кез келген қалпын бағдарлауға болады. Гироскоп бұл жүйеде омыртқаның кез келген қалпын автоматты түрде таниды.



«Жүйенің тағы бір артықшылығы - стимулятор науқаста өмірінің соңына дейін қалады. Пациент отадан кейін қалыпты өмір сүруге мүмкіндік алады деуге болады. Vanta SureScan MRI Medtronic Қазақстанда алғаш рет біздің ауруханада орнатылғанын атап өткім келеді. Стимулятордың өзі қымбат. Бір жақсысы біздің елде оның ақысы МӘМС арқылы төленеді», - дейді нейрохирург.



Дәрігердің айтуынша, ақылды құрылғыны орнатуды ол әлемнің мықты нейрохирургтерінің бірі Владимир Алексеевецтің шеберлік класы аясында үйренген. Бүгінде ол Минск қаласындағы «Белорусь ұлттық нейрохирургия орталығының» ғылыми аға маманы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37