Қазақстанда мал санағын жүргізу керек

Қазақстанда мал санағын жүргізу керек Сурет: ашық дереккөз

Ұлтық санақ дегенде көз алдымызға халық санағы келеді. Сөйтсек, ауыл шаруашылығына да ұлттық санақ жүргізіледі. Елімізде мұндай тәжірибе болған. Алайда, 30 жылда бір рет қана жүргізіліпті. Ол да болса 15 жыл алдын 2006-2007 жылдары. Мұндай санақ мындаған жыл бойы мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз үшін қажет дүние. Ендеше, өткенге көз жүгіртейік. 15 жылда мал басы өзгерді ме, әлде кері кетті ме?..


 Мал саны әлі аз


Жалпы, қазақтың тарихында 4 рет ауыл шаруашылық санағы жүргізілген. Ол да болса Патша үкіметі мен революциядан кейін. Ең алғашқысы 1916 жылы өтті. Одан кейінгісі – 1917 жылы,  ал соңғысы – 1920 жылы жүргізілген. Бұл санақтар туралы мәлімет өте аз. Себебі, өте қарабайыр әдіснама қолданылған, әрі жиналған мәлімет өңделмеген. Сондықтан ғылыми айналымға ене қоймаған.


Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде бір рет ауыл шаруашылығы санағы өтті. Оның өзі 15 жыл алдын 2006-2007 жылдары. Санақта ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен өңірлер бойынша ауыл шаруашылық техника саны туралы мәлімет келтірілген. Сондай-ақ, мал және егін шаруашылығы бойынша статистикалық мәлімет толық берілген. Әсіресе, мал санынан бөлек олар қалай бөлінгені туралы, яғни ол кімнің қолында екені көрсетіледі.


Жалпы, сол кездегі санақ пен ұлттық статистика бюросының өткен жылғы мәліметі көңілге қонбайды. Себебі, әлі күнге дейін мал басының саны аз. Тіпті, Кеңес үкіметі кезеңіндегі деңгейге жете алмай келеміз. 1990 жылғы статистика ірі қара мал 9,7 млн болған десе, өткен жылы 8,3 млн-ға жеткен. Өзге мал басы да мәз емес. Қой мен ешкі, ауыл шаруашылық құстар саны мен шошқа да сол деңгейге жетпеген. Керісінше, жылқы мен түйе саны өскен. Жылқы саны 1990 жылы 1,6 млн болса, қазір 3,7 млн-ға жетті. Ал түйе саны 143 мыңнан 254 мыңға өскен.
















































Мал атауы



1990 ж.



2006-2007 жж.



2022 ж.



Ірі қара мал



9,7 млн



5,6 млн



8,3 млн



Қой мен ешкі



35,7 млн



15,3 млн



21,2 млн



Жылқы



1,6 млн



1,2 млн



3,7 млн



Түйе



143 мың



138 мың



254 мың



Ауыл шар. құстары



59,9 млн



28 млн



49,5 млн



Шошқа



3,2 млн



1,3 млн



706 мың



 Халық еттен гөрі  нанды көп тұтынады


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар ет өнімдерінен гөрі, нан және жарма өнімдерін көбірек жейді. Бұл бір жағынан, елдің кедейлігінің көрсеткіші. Себебі, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мемлекет халқы кедей болған сайын нан өнімдерін көбірек тұтынады. Екінші жағынан ет өнімдері өте аз екенін білдіреді.


2015 жылдан қазірге дейінгі статистиканы қарасақ, етті аз тұтынатынымызға көзіміз жетеді. Статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы әр адам жылына 128 келі нан өнімдерін тұтынады екен. Ал етті жылына әр адам 78 келіден тұтынады. Ал жалпы ет тұтыну көрсеткіші 2020 жылы көп болған. Әр адамға шаққанда 83 келіден түскен.


Етті тұтыну көлемі тіпті бүкіл әлемде өсуі мүмкін. Мұндай болжамды Экономикалық әріптестік және даму ұйымы жасап отыр. Олардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай жердегі әр адам жылына 35 келіге дейін ет тұтынады.


Ең өкініштісі, балық және теңіз өнімдерін өте аз тұтынатын халық екенбіз. БҰҰ 2030 жылға қарай балықты тұтыну көрсеткіші өседі деп болжауда. Олардың болжауынша, бұл көрсеткіш әлем бойынша әр адамға жылына 21 кг-ға жетеді дейді. Қазірдің өзінде бұл көрсеткіш 20 кг-ға жеткен.


Қазақстандықтар сонымен қатар, жұмыртқаны да көп тұтынады. Бұл көрсеткіш 2015 жылдан бері ұдайы өсіп келеді. Былтыр әр адам жылына орта есеппен 195 дана жұмыртқа тұтынған.





































































Жылдар



Нан және жарма (кг)



Ет (кг)



Балық (кг)



Жұмыртқа (дана)



2015



129,8



73,6



11,3



164



2016



130,7



72,9



10,9



164,7



2017



133,7



72,9



10,7



168,5



2018



138,5



77,9



13,2



193,3



2019



136,3



78,9



14,6



194,3



2020



140,3



83,7



15,1



199,1



2021



133,8



82,3



14,8



193,9



2022



128



78,2



14,1



194,6



 Бағаға бақылау қажет


Қазақстандықтардың басым көпшілігі ірі қара малды тұтынады. Статистика бойынша өткен жылы сиыр етінің орташа көрсеткіші 23 кг болса, жылқы еті 6,3 кг болған. Сондықтан ірі қара мал саны мен оның етінің бағасына мемлекеттік бақылау қажет. Бағаға бақылау дегенде кеңестік реттеу емес, нарықты экономика қағидаларына сүйену қажет.


Осы мақсатта санақтан кейінгі көрсеткіш пен былтырғы санды салыстырдық. Бұл жерде өңірлер бойынша ірі қара мал санына ерекше тоқталдық. Санақтан өткеннен кейін мал саны бүгінгі күні өскен. Және де бұл тенденция бүкіл өңірлерде байқалады. Бұл жағынан Түркістан, Батыс Қазақстан және Абай облыстары көш бастап тұр. Алайда, бұл жерде Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының бөлінгенін ескерген жөн. Егер ШҚО мен Абай облыстарындағы мал санын бірге есептейтін болсақ, бұл аймақ бірінші орынға шығады. Мұнда 1,1 млн бас болады. Сол сияқты, Алматы мен Жетісу облыстарында 1,1 млн-ға жетеді. Ал Түркістан облысында 1 млн бас мал бар.















































































































Ірі қара мал саны


(өңірлер бойынша)



2006-2007 жж.



2022 ж.



Абай



-



716 мың



Ақмола



389 мың



455 мың



Ақтөбе



421 мың



631 мың



Алматы обл.



722 мың



650 мың



Атырау



153 мың



198 мың



БҚО



422 мың



777 мың



Жамбыл



307 мың



502 мың



Жетісу



-



512 мың



Қарағанды



400 мың



477 мың



Қостанай



516 мың



456 мың



Қызылорда



230 мың



382 мың



Маңғыстау



8,5 мың



20 мың



Павлодар



346 мың



512 мың



СҚО



338 мың



405 мың



Түркістан



642 мың (ол кезде ОҚО)



1 млн



Ұлытау



-



143 мың



ШҚО



754 мың



438 мың



Астана қ.



1,3 мың



252



Алматы қ.



3,4 мың



2,5 мың



Шымкент қ.



-



73 мың



 Ірі қара мал басының саны жөнінен Маңғыстау, Ұлытау мен Атырау облыстары көш соңында келеді. Маңғыстау мен Атырауға келер болсақ, мұның себебі түсінікті. Климатқа байланысты бұл өңірлерде ірі қара мал асырау қиын. Есесіне, мұнда түйелердің саны көп. Ал Ұлытау облысында жалпы мал шаруашылығына климаты тура келмейді. Сондықтан да барлық мал түрлерінің саны мұнда аз. Ең көбі жылқылар.


 Жылқы саны оңтүстікте айтарлықтай өскен


Жылқы саны бойынша Түркістан облысы көш бастап келеді. Соңғы 15 жылда 3 есе өскен. 2006-2007 жылдары 128 мың болса, былтыр 385 мыңға жеткен. Ал ең жоғары өсім Батыс Қазақстан облысына тиесілі. Осыдан 15 жыл алдын 53 мың бас болса, 2022 жылы 280 мыңға жеткен. Яғни 5 есеге өскен. Бұл көрсеткіш бойынша Маңғыстау, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстары көш соңында.




































Жылқы саны


 



2006-2007 жж.



2022 ж.



Түркістан



128 мың (ОҚО)



385 мың



Қарағанды



124 мың



317 мың



Абай



-



325 мың



БҚО



53 мың



280 мың



Ақтөбе



63 мың



271 мың



 Жайылым жер мен экология мәселесі бар


Мал шаруашылығының дамуына кедергілер жеткілікті. Мемлекеттік басқарудаға жүйесіздік, экологиялық апат, су тапшылығы мен жайылым жер  және де жем-шөп мәселелері бар. Оның үстіне мыңдаған жылғы халықтың өмір сүру салты өзгерді. Бір жайылымнан келесі жайылымға маусымдық көшіп жүру мүмкін емес. Қазір белгілі бір шаруа қожалықтарында өседі. Оларды жем-шөппен қамтамасыз ету қажет.


Урбанизация да тоқтар емес. Халық ауылдан қалаға үдере көшуде. Бұл ауылдағы адам ресурсын азайтып, маман даярлауды қажет етеді.


Сондай-ақ, қуаңшылық пен жұт мал шаруашылығын дамытуға кедергі болып отыр. Әсіресе, 2021 жылғы жағдайды еске алған жөн. Сол жылы Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында қуаңшылық болып мал қырылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, мал өлімі 1700-ден асқан. Сондықтан үкімет жүйелі жұмысты қолға алуы тиіс. Бұл жерде жоғарыдағы факторларды ескерген жөн.


 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:19

19:36

19:25

19:22

18:58

18:29

17:51

17:37

17:04

16:28

16:05

16:05

16:01

15:54

15:27

14:46

14:46

14:35

13:37

13:06

13:01

12:47

11:55

11:44

11:41