Қазақстанда Калашников автоматтары шығарылатын болды

Қазақстанда Калашников автоматтары шығарылатын болды Сурет: Life.ru

2020 жылы бірқатар перспективалық жобалар іске асырылады.


Үстіміздегі жылы Қазақстанда Калашников автоматтары өндірісін іске қосу көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Отандық қорғаныс өнеркәсібінің басты міндеттерінің бірі - кәсіпорындардың технологиялық инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін дамыту. Бұл еліміздің Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қазіргі заманға сай қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз ету міндетін орындауға мүмкіндік береді»,- делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, биыл еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары бірқатар перспективалық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр, оның ішінде:


-«№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру,


-«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС кәсіпорнында Airbus ұшақтарына қызмет көрсететін сервистік орталық құру;


-«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру,


-«Тыныс» АҚ, «Алма МҮ» ЖШС, «Милитарм» ЖШС кәсіпорындарында радиациялық және химиялық қорғау құралдары өндірісін жолға қою жоспарланған.


 -«Семей инжиниринг» АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту;


-«Steelmanufacturing» ЖШС автоматты оқ-дәрілер өндіру,


-«Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-де «Барыс 8х8» сауытты дөңгелекті машиналар өндірісін,


-«Тыныс» АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісін іске қосу көзделіп отыр.



«Жалпы алғанда, еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені қалыптасу жолынан өтіп, бүгінгі таңда әскери саланы ғана емес, азаматтық секторды да түрлі өнімдермен қамтамасыз етуде»,- делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13