Қазақстанда жетім балалар үшін жаңа кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі

Қазақстанда жетім балалар үшін жаңа кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі Сурет: Taldykorgan-online.kz

Балаларды отбасында тәрбиелеуге мүмкіндік береді.


2029 жылға дейін қолайлы оқу жағдайлары бар жаңа 1,5 млн оқушы орнын енгізу міндеті тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«2029 жылға дейін қолайлы оқу жағдайлары бар жаңа 1,5 млн оқушы орнын енгізу міндеті тұр. Осы мақсатта 842 мың жаңа орын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы беріледі. Қосымша 660 мың орын басқа тетіктер арқылы енгізіледі. Нәтижесінде 2030 жылға дейін бірауысымдық оқыту форматына кезең-кезеңмен көшуге мүмкіндік болады. Мектептерге робототехника, химия, биология, физика бойынша 7 мың пән кабинеті ашылады. Жыл сайын шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1 мыңға жуық мектеп жаңғыртылады», - деді Асхат Аймағамбетов.



Оның атап өтуінше, Президенттің сайлауалды бағдарламасына сәйкес жаңа кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі.



«Бұл жетім балаларды балалар үйінде емес, отбасында тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Әсіресе, күрделі аурулары бар, бір отбасынан шыққан бірнеше бауырлары бар балалар үшін қолайлы шешім. Қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталықтарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Барлық колледж, мектеп пен балабақша қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етіледі», - деді министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39