Қазақстанда эпидемиялық маусым басталғалы тұмаудан бес адам көз жұмды

Қазақстанда эпидемиялық маусым басталғалы тұмаудан бес адам көз жұмды Сурет: Newsnn.ru

Олардың арасында балалар жоқ.


Эпидемиялық маусым басталғаннан бері елімізде тұмаудан бес адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап.



"Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмаудан бес адам қайтыс болды. Олардың арасында балалар жоқ", - деп жауап берді вице-министр тілшілердің сауалына.



Спикердің айтуынша, 1 қазаннан бастап елде ЖРВИ-дің 2,2 млн жағдайы, тұмаудың 2 284 жағдайы тіркелген. Ауырғандардың 65%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.



"ЖРВИ және тұмау маусымы жыл сайын қазан-сәуір айларында өтеді. Биылғы эпидемиологиялық маусым тұмау вирусы айналымының ерте басталуымен сипатталды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 10%-ға артты", - деді ол.



Айжан Есмағамбетова келтірген деректерге сәйкес, қазанда республика бойынша 2,4 млн адам тұмауға қарсы екпе алды. Олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар 518 мың болса, ересектер саны – 1,8 млн. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09