Қазақстанда ең төменгі жалақы көлемі өседі

Қазақстанда ең төменгі жалақы көлемі өседі Сурет: Tobolinfo.kz

Бұл жалақы көлемі 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өседі. 


2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мың теңгеге артады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні халыққа жасаған Жолдауы барысында мемлекеттегі ең аз жалақы туралы сөз етті. Президенттің шешімімен бұл жалақы көлемі өсетін болды.



«Елімізде ең аз жалақы көлемі 2018 жылдан көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс қазақстандықтардың табысына салдарын тигізді. Оның үстіне ең төменгі жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның біраз елдерінен артта келеді. Осы орайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын. Аталған бастама 1 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі жалақы мәселесін жойып, ел экономикасына оңтайлы әсерін тигізеді және, сарапшылардың пікірінше, бұл ЖІӨ-нің 1,5 есе артуына ықпал етеді», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау барысында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:15

11:46

11:31

11:26

10:53

20:41

20:25

19:48

19:35

18:44

18:39

17:23

17:08

16:20

16:10

15:48

15:33

15:05

14:48

14:15

13:50

12:44

12:34

12:30

12:27