Қазақстан Түркияға тікұшақтар мен құтқарушыларды жіберді

Қазақстан Түркияға тікұшақтар мен құтқарушыларды жіберді сурет: ҚР ТЖМ

Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін 2 арнайы тікұшақ пен 16 құтқарушы жіберді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.



«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ екі тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді», - деді Талғат Уәли.



Бүгін ұшып шыққан Қазақстан тікұшақтары үш мемлекетте аялдап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына жетеді. Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды.



«Құтқарушыларымыздың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі үйлестіреді. Қазақстан өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластық байланыстардың символы болады», – деді ТЖМ ресми өкілі.



Анадолы агенттігі Түркияда 28 шілде мен 6 тамыз аралығында болған 208 орман өртінің 196-сы ауыздықталғанын хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09