Қазақстан өңдеу өнеркәсіптерінің санын арттыруға ниетті

Қазақстан өңдеу өнеркәсіптерінің санын арттыруға ниетті Сурет: Mk-kz.kz

Қазақстанда жаңа өңдеу кәсіпорындары құрылады


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үкіметке мамыр айында жаңадан өндіріс ошақтарын құруды ынталандыруға бағытталған шаралар кешенін ұсынды. Бұл туралы ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Ол еліміздің тау-кен металлургия кәсіпорындарымен жұмыс басталып кеткенін айтады. Онда негізгі жобалардың қатарына 12 өндіріс кірген. Олар аккумуляторлар, алюминий радиаторлары, профильдер, көлік дискілері және азық-түлік қалбырларын шығарумен айналысады. Министр бүгінде әлемде негізгі металдарға деген сұраныс өсіп келе жатқанын атап өтті.



«Елімізде экспортқа бағытталған сазбалшық және мыс концентраты бойынша үлкен шикізат әлеуеті бар. Қазір ел ішінде өндірілетін барлық сазбалшық пен мыс концентратын өңдейтін жаңа электролиз және мыс балқыту зауытын құру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл бастапқы металдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға, орта және ұзақ мерзімді перспективада отандық қайта өңдеушілер шикізатының қажетті көлемімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін экспорттық пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13