Қазақстан мен Түркия аралас жүк тасымалын дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрады

Қазақстан мен Түркия аралас жүк тасымалын дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрады Сурет: Gov.kz

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Парламент Сенатында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының үкіметтері арасындағы жүктерді халықаралық құрама тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын ұсынды.


Заң жобасы әртүрлі көлік түрін пайдалана отырып, жүк тасымалдарын жеңілдетуге және Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісімді ратификациялау екі ел арасында автомобиль, теміржол және су көлігімен орындалатын жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 


Көлік министрінің орынбасарының айтуынша, аталған құжат Каспий теңізінде тұрақты теміржол-паромдық операцияларды, мемлекеттерді қосатын теміржол желілерінде, атап айтқанда халықаралық контейнерлік блок-поездар үшін тиісті байланыстар мен транзиттік қызметтер көрсетуді көздейді, сондай-ақ кедендік ресімдеу ережелерін ескере отырып, екі ел арасында жүктерді тасымалдау шарттарын айқындайды.



«Қазіргі уақытта біз аралас Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оған теміржол, автомобиль және су көлігі қатысады. Қазірдің өзінде маршрут бойынша жүктерді өткізу және тауарларды жеткізу мерзімі 19-23 күнге дейін қысқартылды, оның ішінде 6 күн - Қазақстан аумағы бойынша. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жылдам. Бұл келісім Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуына әсер етеді», – деді С.Аблалиев.



Ол келісімді орындау барысындағы мәселелерді реттеу үшін тасымалдауды дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрылатынын айтты. Оның басты міндеті транзиттік тасымалдардың жылдамдығы мен сапасын арттыру болады.


Көлік министрлігінің мәліметінше, келісімді ратификациялау бойынша жұмыстар қазіргі уақытта Түркия елінде де жүргізіліп жатыр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53