Қазақстан мен Шри-Ланка екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Шри-Ланка екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Шри-Ланка Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Аруни Виджевардане ханымның төрағалығымен Қазақстан-Шри-Ланка саяси консультацияларының екінші раунды өтті.


Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Сұхбаттасушылар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға ортақ ниеттерін растады.


Саяси байланыстарды күшейту қажеттігін атап өтіп, тараптар ағымдағы жылы жоғары және жоғарғы деңгейдегі екіжақты сапарларды ұйымдастыруға қатысты пікір алмасты. Шри-Ланка тарапы жақын арада Астана қаласында өзінің дипломатиялық миссиясын ашу ниетін хабарлады.


Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тығыз диалогты жалғастыруға келісіп, екіжақты консультацияларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53