Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің ынтымақтастық перспективалары талқыланды Сурет: Gov.kz

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесті.


Кездесуде Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы қызметінің перспективалары, сондай-ақ ынтымақтастықтың басымдықтары талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесу барысында тараптар Қазақстанда экономиканың негізгі секторларында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларына тоқталды.


Қ.Омаров Дүниежүзілік банкпен арадағы тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына, сондай-ақ банктің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан құнды үлесіне назар аударды. Ол инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған банктің елімізбен іс-қимылы жалғасатынына сенім білдірді.


Өз кезегінде, А.Михнев Дүниежүзілік банк Қазақстанның маңызды серіктесі және 4 миллиард АҚШ долларынан асатын 10 жобаны бірлесіп жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған реформаларды қолдау мақсатында бірқатар жаңа инфрақұрылымдық жобалар әзірленуде.


Жалпы, тараптар негізгі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53