Қазақстан гендерлік саясатта Орталық Азияда көшбасшы – Аида Балаева

Қазақстан гендерлік саясатта Орталық Азияда көшбасшы – Аида Балаева Сурет: Nur.kz

Бірқатар прогрессивті іс-шаралар қабылдады.


 Қазақстан гендерлік теңсіздікке қарсы іс-қимыл мәселесінде Орталық Азияда көшбасшы саналады. Бұл туралы елордада өткен І Орталық Азия медиафорумында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында гендерлік теңсіздікке қарсы іс-қимыл саласында бірқатар прогрессивті іс-шаралар қабылдады. Бұл мемлекет пен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болды», - деді Аида Балаева.



Спикер жүргізіліп жатқан гендерлік саясат елдің халықаралық рейтингтер мен индекстердегі жағдайын жақсартатынын баса айтты.



«2021 жылдың қорытындысында гендерлік теңдік индексі бойынша Қазақстан көрсеткіштерін жақсартты және рейтингте 146-орынның ішінде 65-орынға көтерілді. Бұл Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылық позиция және біз көрсеткіштердің тұрақты жақсаруын жалғастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол.



Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Қазақстанның әйелдері негізгі позицияларға ие екенін айтты.



«2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаттың қолданыстағы тұжырымдамасы осы көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді. Таяудағы сегіз жыл ішінде Қазақстанның гендерлік алшақтықты айтарлықтай қысқарту жоспары бар», - деп атап өтті Аида Балаева.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09