«Qazaqstan Barysy Grand Slam» турниріне 300-ден астам спортшы қатысады

«Qazaqstan Barysy Grand Slam» турниріне 300-ден астам спортшы қатысады Сурет: Inform.kz

Дзюдодан «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі ертең Астанада басталады.


Оған 42 мемлекеттен келген 300-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Турнир алдында өткен баспасөз маслихаты барысында БАҚ өкілдері Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеевтен сайысқа қандай себеппен «Qazaqstan Barysy Grand Slam» атауы берілгенін сұрады.



«Мәселен, бұл жарыс Моңғолияда «Grand Slam Genghis Khan» атауымен өтеді. Сондықтан біз Қазақстан барысы бүкіл әлемге танылсын деген мақсатпен осындай атау қойып отырымыз. Бұл – бренд. Оны әлемдік деңгейге көтеру қажет. Қанша елден спортшылар келеді. Келер жылы өтетін турнирге одан да көп дзюдошы қатысады. Осы бренд арқылы олар біздің елімізді таниды», - деп жауап берді Асхат Жіткеев.



Айта кетейік, өзге елдерде ұйымдастырылатын аталған сайыс тек Grand Slam атауымен өтеді. Бұл ретте еліміздегі жарысқа «Qazaqstan Barysy» атауы қосылып отыр.


Оның айтуыyша, ертең елордада басталатын Grand Slam турнирінде 42 мемлекеттен келген 300-ден астам спортшы бақ сынасады. Олардың арасында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем және Азия чемпиондары бар.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39