Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 40 гастарбайтер елден шығарылды

Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 40 гастарбайтер елден шығарылды Сурет: Krymr.com







Бұл Алматының көші-қон полициясы жүргізген 3 күндік тексеріс нәтижесінде анықталғандары.


Құзырлы орган үш күн ішінде мегаполисте көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегін тіркеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның 281-ін шетел азаматтары жасаған. Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болу заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 отандасымыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған.



«Жұмыс беруші тоғыз отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған. ПД-нің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барасында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді», - дейді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.












Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:14

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45