Қазақстан 25 жыл іздеген қылмыскер шетелден табылды

Қазақстан 25 жыл іздеген қылмыскер шетелден табылды Сурет: Kodeks-zakon.ru

Ол бір әйелді өлтіргені үшін қылмысты болған.


ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашевтің айтуынша, барлығы 15 қылмыскер анықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Ішкі істер министрлігіне қылмыскерлерді және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге қатысты сұрақтар жиі келіп түседі, сондықтан бұл жұмыстың тұтастай қалай жүргізіліп жатқанын тағы да қысқаша айтып бергім келеді. Статистика туралы айтатын болсақ, жыл басынан бастап полиция күштері 416 қылмыскерді іздестіріп ұстады, олардың ішінде 4 кісі өлтірген үшін, 24 қарақшылық шабуылдар мен тонауға қатысты", – деді спикер.



Егер қылмыскер біздің елден тыс жерде жасырынып жүрсе не болады? Спикердің айтуынша, оларды іздеу бойынша жұмыс тоқтатылмайды, мұндай адамдар мемлекетаралық және халықаралық іздестіруге жарияланады.



"Оларды одан әрі іздеу Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығына қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ 195 елден тұратын Интерпол Халықаралық қылмыстық полициясы ұйымымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Қазақстаннан тыс жерлерде 15 қылмыскер анықталып ұсталды, оның ішінде біреуі 25 жылдан астам уақыт бойы әйелді өлтіргені үшін жасырынған", – деді Ибрашев.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56