Қазақстан 2025 жылға қарай 100 мың IT-маман даярлайтын болады

Қазақстан 2025 жылға қарай 100 мың IT-маман даярлайтын болады Сурет: Eg.ru

IT-білім беруді қолдауға ерекше назар аударылған.


Қазақстанда IT-білім беруді қолдауға ерекше назар аударылған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желіде жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Tech Orda бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам қазақстандық студент IT-мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Олар қазіргі уақытта 49 жекеменшік IT-мектептерде оқуда. Оқыту ұзақтығы 6 айдан 2 жылға дейін созылады. Бұл бағдарлама бойынша ІТ-мамандардың бірінші легі 2023 жылдың ортасына қарай дайын болады. Осылайша, біз 2025 жылға қарай 100 мың IT-маман даярлайтын боламыз. Оның 20 мыңы - Tech Orda бағдарламасы бойынша жүзеге асады.Tech Orda бағдарламасы Astana Hub айналысатын барлық басым секторларды қамтиды - веб-әзірлеу, 3D-дизайн, бағдарламалық және аппараттық құралдар жасау, мобильді қосымшалар әзірлеу, Big Data, Blockchain және т.б. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі», - деп жазды министр.



Оның айтуынша ел аймақтарында IT-білім беруді қолдауға ерекше назар аударылған.



«Өңірлерде 17 IT-мектеп (бұл IT мектептердің 35%-ын құрайды) ашылды. Мектептер Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Орал, Шымкент қалаларында орналасқан. Биылғы жылы IT мектептерге оқуға ниет білдірген студенттерден 16 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 3 068 студент IT саласында кәсіби дамуы үшін білім алуды бастады», - деп толықтырды Б.Мусин.



 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32