«Қазақанимация» 10 пилоттық жоба ұсынады

«Қазақанимация» 10 пилоттық жоба ұсынады Сурет: Дереккөз

Аниматорлар шетелдік мамандардан дәріс алады 


«Қазақфильм» киностудиясының базасында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында жазды.



«Өздеріңізге белгілі, жас ұрпақ тәрбиесі анимациямен тығыз байланысты. Қазіргі таңда бүлідіршіндеріміз батыстан үздіксіз келіп жатқан шетелдік өнімдерді қарап, тілімізге де, ділімізге де қайшы мультфильмдерді көптеп көріп жатқаны жасырын емес»,- деді ол.



Жыл соңына дейін бірлестік он пилоттық жобаны ұсынады, ал талантты жас аниматорлар шетелдік мамандардан арнайы дәріс алады.



«Біз осы жұмыстар арқылы ұлттық анимацияның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ол өнімдерді үлкен прокатқа шығаруды жоспарлаймыз. Заман көшінен қалмай, білімді де білікті шығармашыл жастарымызды қолдап, жаңа идеялар мен тың бастамаларға ыңғайлы алаң жасауымыз қажет. Аудитория сұранысын қанағаттандыратын сапалы контент қалыптасырып, шетелдік әріптестермен тығыз байланыс негізінде қазақ анимациясын халықаралық дәрежеге көтереміз деп сенемін»,- деді Дәурен Абаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53