Қасымхан БЕГМАНОВ, ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: Кезек  күттірмейтін кезеңге келдік

Қасымхан БЕГМАНОВ, ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:  Кезек  күттірмейтін кезеңге келдік almaty-akshamy.kz

Алматы қаласындағы №40 учаскесіне арнайы барып, дауыс бердім. Биліктің қазіргі жасап жатқан батыл реформаларын толық қолдаймын. Бұған дейін де бірнеше басылымда ойымды білдіргенмін.


Ата Заңды қайтып қарамасақ болмайтынын уақыт өзі көрсетті. Ұлттық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы кеңейтілген отырыс өткізді. Сонда одақтың мүшелері, ақындар мен жазушылармен бірге Президенттің Конституцияға енгізген өзгерістерін референдум аясында жалпыхалықтық дауыс беруге шақырып, пікірімізді жан-жақты бөлістік.


Ата Заң баптарының 1/3 өзгереді деді. 27 жыл бұрын 1995 жылдың қараша айында конституциялық заң қабылдағаны белгілі. Одан бері 4 рет өзгеріс енгізілді. Ал бұл жолғы өзгеріс тіптен бөлек. Өйткені 30 жыл уақыт өтті.


Бүгіннен кейін біраз реформаны жүзеге асыруға міндеттіміз. Заңның жетілмеген жерін жетілдіруге тиістіміз. Мәселен, экономикалық, құқықтық болсын, кез келген салада заңды күшейтуді уақыт көрсетіп отыр. Халықтың еңсесін, әлеуметтік жағдайын көтеру деген сияқты кезек  күттірмейтін кезеңге келдік деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09