Қарғын су басқан өңірлерде 13 мектеп Starlink желісіне қосылды

Қарғын су басқан өңірлерде 13 мектеп Starlink желісіне қосылды Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты желіге қосу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр


Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 13 мектеп Starlink желісіне қосылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Оқу-ағарту министрлігі су тасқыны болған өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Оның ішінде ЦДИАӨМ-мен бірге интернет жылдамдығы төмен ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты желіге қосу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.


Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша мектептерге Starlink желісінің терминалдары орнатылды.



Бірінші кезекте эвакуациялық пункттер орналасқан мектептерде байланыс қондыру мен онлайн оқытуды ұйымдастыру қолға алынып жатыр. Су тасқыны басталғалы бері 13 мектеп жоғары жылдамдықты желіге қосылды. Қазір терминалдар Ақмола және Түркістан облыстарының мектептерінде орнатылып жатыр, – деді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.



Еліміздің 329 мектебі Starlink технологиясын қолдана отырып, интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдар орнатылғаннан кейін мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығы 150 Мбит/с құрайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53