Қаратаудың баурайына тұғырлы ескерткіш қойылды

Қаратаудың баурайына тұғырлы ескерткіш қойылды 24 kz

Әйгілі «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына орай Түркістан облысы  Қаратаудың баурайына ескерткіш орнатты.


Алып тұғыртастың бетіне «Елім-ай» жырының үзіндісі қашалып жазылған.  Қазақ қазақ болғалы қаншама қанқұйлы соғысты, жаугершілікті, қуғын-сүргінді басынан кешірді. Соның ішіндегі ең бір зұлматы - 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы.


Тұтқиылдан тиген жау қолы бейбіт жатқан қазақ халқын үдере көшіріп, тоз-тозын шығарды. Қынадай қырылып, босып кеткен қазақтың қасіретті тарихына «Ақтабан шұбырынды,



Алқакөл сұлама» болып енген «Елім-ай» жырына биыл 300 жыл. Соған орай Қаратаудың басынан "Елім-айлап" көшкен қаралы көшті, елі үшін шейіт болған боздақтарды мәңгіге есте қалдыру мақсатында биік тұғыртас орнатылады.



Халқымыздың шерлі тарихынан сыр шертетін туынды әскери қолбасшы, ұлы жырау Қожаберген Толыбайұлынан бізге зар заманның шындық шырағы болып жетті. Биіктігі 6, ені 1,5 метр болатын тұғыртасты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекет Тұрғараев басқаратын «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры орнатқан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31