«Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімі 2022 жылға ұластырылады

«Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімі 2022 жылға ұластырылады Сурет: Casian.info

Бұл жобалар мемлекет тарапынан қолдау тапты.


1 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімі 2022 жылға ұластырылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылды. Сондай-ақ 70 мын жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен қызметтің жалпы құны 3,5 трлн теңге болды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді», - деді Қазақстан  Президенті.



Алайда, Мемлекет басшысы бүгінгі ахуалдың әлі де күрделі екендігін ашық айтты



«Сондықтан мен «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдадым. Бұл мақсатта бөлінетін қаржының көлемі кемінде 1 трлн теңге болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09