Қаламызды таза ұстайық: Наурызбай ауданының кәсіпкерлері «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдап отыр

Қаламызды таза ұстайық: Наурызбай ауданының кәсіпкерлері «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдап отыр Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Наурызбай ауданының кәсіпкерлері іргелес аумақтарды санитарлық мақсатта тазартып, ғимараттардың қасбетін қалпына келтірді, рұқсат етілмеген жарнамаларды жойып, абаттандыру элементтерін ретке келтірді.


Науқан басталғалы бері 5 нысанның қасбеті ауыстырылып, жаңартылды, сондай-ақ 20 нысанның қоршауы жөнделіп, боялды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Сонымен қатар, 2 нысанда іргелес аумақтың кеспетастары ауыстырылды.


Демалыс күндері кәсіпкерлердің арқасында 40-тан астам нысанның іргелес аумағы санитарлық тазалаудан өтті.


Аталған науқан аясындағы жұмыстарды Swissotel Wellness Resort Alatau, Альянс, Top cleaning service, базарлар, автобус парктері және басқа да кәсіпорындар жалғастырады.



Сонымен бірге, кәсіпкерлер барлық алматылықты тазалықы сақтауға шақырады.



«Қаламыз тұрғындар мен қонақтар үшін таза және тартымды етіп сақтайықшы. Әрқайсымыз аймақта, ауламыздың, ұйымымыздың және оларға іргелес жерлердің аумағымызды ретке келтіріп, тазалық орнатуға үлес қоса аламыз. Тазалықты сақтай отырып, біз әр адамның өмірі мен демалысы үшін салауатты әрі қолайлы жағдай жасаймыз», - деді «Ақжол» кешенінің иесі Владимир Марченко. 



Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.



Толық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09

15:04

14:57

14:42