Қалада «Аlmaty aqshamy» және «Вечерний Алматы» газеттеріне жазылу науқаны жалғасуда

Қалада  «Аlmaty aqshamy» және «Вечерний Алматы» газеттеріне жазылу науқаны жалғасуда Сурет: Almaty-akshamy

Қала тұрғындары үшін қаланың бас газеттерін тегін тарату акциясын бастады.


“Alatay aqparat” медиахолдингі өткен аптадан бастап қала тұрғындары үшін қаланың бас газеттерін тегін тарату акциясын бастады. Бүгінгі шара Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен №1 қалалық клиникалық ауруханасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



- Анам “Almaty aqshamy” газетінің бірде-бір нөмірін жібермей оқиды. Елдегі, әсіресе, қаладағы соңғы жаңалықтарды осы газеттен оқып, бізге айтып отырады, - дейді Гүлжан есімді Әуезов ауданының тұрғыны.




Күләш, зейнеткер:



- Газетті үй жақтағы дүңгіршектен арнайы барып сатып аламын. Баруға мүмкіндік болмай қалса, сатушы қызға хабарласып: «маған газеттің жаңа нөмірін алып қой» деп айтамын. Әйтпесе, дүңгіршекке газет келген бойда бірден өтіп кетеді. Өте ұнайды, жақсы газет. Өзіміздің ана тілімізде елдегі жаңалықтар мен жақсы жағымды мақалаларды оқып тұрамын. Газет шыққалы тұрақты оқырманымын. Қазақ тілінде осы газетті оқимын. Жақсы жаңалықтарды жиі жазсын деген тілегім бар.



- “ Almaty aqshamy”, “Вечерний алматы” газеттері - менің жастық шағымнан келе жатқан басылымдар. Қазір біз барлық ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы оқимыз. Бірақ газет қаладағы ақпараттың қайнар көзі болып қала береді. Кейде біз газеттегі ақпаратты, оқылымды мақалаларды  әлеуметтік желіден көрмейміз. Егде жастағы адамдар ұялы телефон, әлеуметтік желіні пайдалана бермейді, ұнатпайды. Олар газет-журналдарды көбірек оқуға дағдыланған. Газет  беттерінде Алматы қаласының өмірі туралы оң пікірлер мен жақсы жаңалықтар көп болсын. Жақсылықтың жаршысына айналсын, - деді Smart Health University City сенімгерлік басқаруындағы Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасының басқарма төрағасы Эрнест Қалиев.



Ұстаз-зейнеткер Асылайым Теміралиева газеттің біздің қоғамға өте қажет екенін атап өтті.



- Газет арқылы жаңалықтардан хабардар болып отырамыз. Қарапайым халықтың жағдайы, ауылдар мен шеткі аймақтардың өмірі туралы жазу қажет деп санаймын. Мен ауа райы, кино, саясат т.б. туралы жаңалықтарды оқимын. Басылымдардан бас тартпау керек – бұл мәдениет пен интеллектті қалыптастырады, - деді 85 жастағы Асылайым Теміралиева.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53