Қажыбаев қола жүлдегер атанды

Қажыбаев қола жүлдегер атанды Сурет: Instagram/kaz_judoteam
Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан әлемдік Гран-при-2023 сериясының кезекті турнирі аяқталды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Zakon.kz. мәліметі бойынша Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола медаль салынды,  


100 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев қола жүлденің иегері атанды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ауыр салмақтағы балуанымыз Польшадан келген спортшы Каспер Сзуровскийді ұтты.


Ал осы жарыстың алғашқы күні тағы бір қазақстандық Сұңғат Жұбат (66 келі) қола жүлдегер атанды. Өкінішке қарай, бұл екі медаль дзюдошыларымызға Гран-придің үздік командалары арасында үздік үштікке кіруге мүмкіндік бермеді.



Тәжікстанда өткен Гран-при кезеңінің қорытындысы бойынша командалық есепте ресейліктер жеңімпаз атанды, олар 11 медаль жеңіп алды, оның ішінде 5 алтын, 4 күміс және 2 қола. Татами иелері екінші орынды (3-3-1) еншілесе, үздік үштікті Германия құрамасы (1 алтын және 2 күміс) жапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33