Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша Қазақстанға 230 миллион доллар қайтарылды

Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша Қазақстанға 230 миллион доллар қайтарылды сурет: M.yk-news.kz

Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.


Қазақстанның құқық қорғау органдары Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық іс бойынша құны 230 миллион доллардан асатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды елге қайтарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар орнатылып, елге қайтарылды», - делінген агенттіктің сәрсенбі күнгі хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, Қайрат  Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13