Қайрат ЖҰМЫРБАЕВ,  «Алтын тазалық» ЖШС директоры: Мәдениет тазалықтан басталады

Қайрат ЖҰМЫРБАЕВ,  «Алтын тазалық» ЖШС директоры: Мәдениет тазалықтан басталады almaty-akshamy.kz

Тазалық пен тартымдылық егіз ұғым. Тазалық бар жерде адам көзіне жағатын тартымдылық та болады. Ал Алматы сынды алып мегаполисте күнделікті тазалау жұмыстарын жүргізу тіпті маңызды. Қаламызға өз жұмысымен көрік беріп, қыста қардан, жазда қоқыстан тазартып жүрген жауапты мердігер ұйымдардың бірі – «Алтын тазалық» ЖШС.


2023 жылдың қаңтарында құрылған компания жас болса да, бас болып, өзіне тапсырылған жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып отыр. Мердігер компания 350 мыңнан астам адам тұратын Алатау ауданында магистральдық көшелерді, көлік айрықтары мен шағынаудандарды кешенді санитарлық тазалаумен айналысады. Компания директоры Қайрат Жұмырбаевтың айтуынша, «Алтын тазалық» қарамағында бүгінгі күні 50 арнайы техника бар. Сондай-ақ, машина жүргізушілерін мен өзге қызметкерлерді қоспағанда аудан тазалығын қамтамасыз ететін 130 жұмысшы жұмыс істейді.




– Өткен жылы бізге тапсырылған барлық жұмыстарды жоғары деңгейде орындадық. Күнделікті міндетімізге – магистральдық және аудан көшелерін күтіп ұстау жұмыстары кіреді. Нақты айтқанда, жазғы уақытта: көшелерді жуу, оларды тазалықта ұстау, көгалдағы шөптерді кесу, тротуарларды санитарлық тазалау және т.б. Ал қысқы уақытта айтылған міндеттерге көшелерді қардан тазалау және оны шығару, сондай-ақ көктайғаққа қарсы материалдарды себу жұмыстары қосылады. Биыл міндеттеріміз артып, габион (өзен жағалауында тас үстінен қойылған тор) арналарын және жерасты өткелдерін күтіп ұстау үшін жауапкершілік алдық, – деді «Алтын тазалық» ЖШС-ының директоры Қайрат Жұмырбаев.




  • Компания деректеріне сәйкес, «Алтын тазалық» қызметкерлері 2023 жылдың жазғы маусымында ұзындығы – 528 132 м, ал ауданы – 4 185 133 м² болатын аймақты тазалаған. Ал қысқы кезеңде барлығы 323 рейс жасап, 5168 м³ қарды қала сыртына шығарған. Оған қоса, мердігер ұйымның арнайы техникалары 7 мың тоннаға жуық көктайғаққа қарсы материал пайдаланған. Барлығы Алатау ауданында 11 магистральдық даңғылдың, 9 аудандық маңызы бар және 354 жергілікті көшенің тазалығы мен тартымдылығы үшін «Алтын тазалық» қызметкерлері жұмыс істеген.


– Жұмысымыздың ерекшелігіне қарай біз өз аумағымызды тәулік бойы бақылап, кезекшілікте боламыз. Төтенше жағдай кез келген уақытта орын алуы мүмкін. Сондықтан түнде екі бригадамыз дайын отырады. Қыста қар қалың жауған күндері жұмысшыларымыздың осында қонып қалған күндері де болды. Біз оларға арнайы жатын орын дайындап, ас-ауқатпен қамтамасыз еттік. Ал күнделікті 100-ден астам қызметкеріміз өзіне тапсырылған аумақты тазалауға шығады. Биыл жұмысшылар саны 15%-ға көбейді, – деді Қайрат Ермекқалиұлы.


Айта кеткен жөн, мердігер ұйым Алатау ауданы әкімінің тікелей бақылауында Көріктендіру бөлімінің мамандарымен әрдайым байланыста жұмыс істейді. Өзара біріккен жұмыс аудан тазалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



 


Адал іске айып салу дұрыс па?


Алматылықтардың қолайлығы мен тазалығы үшін қызмет атқаратын жас ұйымның алғашқы жылы алдынан шыққан қиындықтары да жоқ емес. Оның ең үлкені – айыппұл. Бірақ өзгелерге секілді тәртіп бұзғаны үшін емес, бүгінге дейін «Алтын тазалық» ЖШС-ына тікелей өз міндетін атқарғаны үшін айыппұл салынып келеді. Атап айтқанда, компанияның арнайы техникалары көшенің тротуармен теңесетін шетін тазалауы үшін автобус жолағымен жүргенде, орнатылған камералар мердігер ұйымның машиналарына орынсыз айыппұл жазып жібереді екен. Бұл мәселемен жас компания әртүрлі жауапты Басқармалар мен Полиция департаментіне жүгінсе де, айтылған сұрақ өз шешімін таппай келеді. Алдағы уақытта адал іске салынған айып алынып, компания көліктері еш қиындықсыз өз жұмысын жалғастыра береді деп сенеміз.



Ал «Алтын тазалық» компаниясының басшысы Қайрат Жұмырбаев қала тұрғындары мен қонақтарын сүйікті қаламыз – Алматыны аялап, тазалықта ұстауға шақырды.



– Кей азаматтар көліктерін рұқсат етілмеген көше шетіне тастап кетеді. Оның кесірі біздің жұмысымызға тиеді. Техникамыз өзіне жүктелген аймақты тазалай алмай, жұмысы баялаулайды. Бұл мәселе, әсіресе, көшелері тар шағынаудандарда қатты сезіледі. Сондай-ақ, тұрғындар тұрмыстық қатты қалдықтарды рұқсат етілмеген жерге тастай салады. Ол жерде қоқыс жинала беріп, ертең өзіміздің қаламызға зиян келеді. Сондықтан алматылықтарды, оның ішінде Алатау ауданының тұрғындарын азаматтық жауапкершілік танытып, қоршаған ортамызды таза ұстауға шақырамын. Мәдениет тазалықтан басталады. Кішкентай кезінен балаларымыздың арасында осындай тазалықтың мәдениетін бірге қалыптастырайық, – деді «Алтын тазалық» басшысы.



Жеңіс Мамытов, жұмысшы:


 - Бұл компанияда жұмыс істегеніме 1 жыл болды. Менің жұмыс көліктерін жөндеумен айналысамын. Бұл жауапты жұмыс. Өйткені көлік жол үстінде бұзылып қалса, барлығы тоқтап қалады.



Көбеген Көкейев, жұмысшы:


- Жас 68-де. Өмір қозғалыс дегендей, бұл жұмыспен біз де бір орында тұрмаймыз. Күнделікті қаламызды көркейтіп, тазалығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Жұмыс істеп, қозғалыста болу өз денсаулығым да жақсы. Жұмыс барысында жаңбырға да, суық пен қарға да қарамай жұмыс істейтін күндеріміз болады.



 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09