Қай өңірдің тұрғындары темекіні көп тұтынады?

Қай өңірдің тұрғындары темекіні көп тұтынады? Сурет: Ашық дереккөзі

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ересек халықтың темекі тұтынуы бойынша зерттеу жүргізді


Қазақстанда темекі өнімдерін тұтынатындардың ең көп үлесі Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарында тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ересек халықтың темекі тұтынуы бойынша үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 20,4% темекі тартады (темекі тартпайтындар - 79,6%), барлық ер адамның 38,4%, (темекі тартпайтындар - 61,6%), ал әйелдердің 8,4% темекі өнімдерін тұтынады (темекі тартпайтындар – 91,6%).


Темекіні тарту жиілігі бойынша халықтың бөлінісі келесідей: респонденттердің 16,6% темекіні күн сайын тартады, анда-санда тартатындар – 3,8%. Үйлерінде темекі түтінінің әсеріне ұшырайтын респонденттердің үлесі – 12,8%, жұмыста – 8,1%, қоғамдық тамақтану орындарында – 10,5%, олардың басым көпшілігі (93% астамы) темекі тартпайтын адамдар.


Өңірлер арасында темекі өнімдерін тұтынатындардың ең көп үлесі Қарағанды (25,4%), Павлодар және Жамбыл облыстарында (24,6%) тіркелді.


Темекі тарту ауыр ауруларды тудырады деп санайтын респонденттердің үлесі 85,5% құрайды. Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу туралы заңнаманың қолданылуын қолдайтындар – 67,7%.


2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы темекі тартатын респонденттердің үлесі 18-28 жас және 60(63) жас және одан жоғары жас топтарында өсті, қалған жас топтарында төмендеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49

10:46

09:37

09:33

09:29

09:20

09:00

08:45

08:34

08:19

19:52

19:12

19:06