Президент реформалары қоғам тарапынан қолдау тапты

Президент реформалары қоғам тарапынан қолдау тапты Сурет: ашық дереккөз

Ол бұл сайлау көздеген реформалардың жүзеге асуына жаңаша серпін беретінін жеткізді.


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин депутаттыққа түсіп жатқан кандидаттардың көптігі қоғамда Президент реформасына қолдау бар екенін байқататынын айтты, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.



«Бұл дегеніміз – реформалар қоғам тарапынан қолдау тапты деген сөз. Егер бір мандатты округ бойынша осыншама адам өз кандидатурасын ұсынып отырса, әртүрлі саяси партиялардың үгіт-насихат бағдарламасына қатысса, бұл – Президент реформалары қоғам тарапынан үлкен қызығушылық оятып, қолдау тапты деген сөз. Реформалар үміт ұялатып отыр. Менің ойымша, бұл сайлау көздеген реформалардың жүзеге асуына жаңаша серпін береді», - деді Ерлан Қарин.



Айта кетейік, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астана қаласындағы Ұлттық кітапханада ашылған сайлау учаскесіне барып, дауыс берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53