Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барды

Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барды Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.


Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.


Мемлекет басшысы 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар Президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56