Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты

Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты Сурет: Akorda.kz

Орталықтың қорында 1 миллион 132 мың іс сақталған.


Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы сапары барысында құжаттарды сақтау шарттарымен, мұрағаттық құжаттарды реставрациялау және микрофильмге түсіру кабинеттерінің жұмысымен танысты.



Сондай-ақ Мемлекет басшысына өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдармен жұмыс жасау экспозициясы ұсынылды.



Президенттің Жарлығымен 2020 жылдың қарашасында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды.



ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан беріледі.



Орталық таяу уақытта барлығы 715 мыңға жуық істі қабылдап алады деп жоспарланып отыр. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған.



Қазіргі уақытта тарихшы-ғалымдар мен орталық қызметкерлері «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты көптомдықты баспаға дайындап жатыр. Бұл басылым ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси тарихының ғылыми көкжиегін кеңейтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53