Президент бірқатар тағайындауларға қол қойды

Президент бірқатар тағайындауларға қол қойды Сурет: Яндекс.Новости

Бірқатар тағайындаулар жасалды


Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар жаңа тағайындауларға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің ресми сайтында жарияланды.


Мемлекет басшысы қол қойды:



  • Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалсын.



  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы




Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


Тағайындалсын:


Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;


Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;


Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;


Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;


Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;


Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;


Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;


Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;


Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;


Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;


Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;


Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;


Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;


Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;


Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;


Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;


Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;


Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;


Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;


Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;


Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі. 


Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



  • Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын.

  • Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалсын.

  • Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалсын.

  • Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалсын.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14