Президент Алматы-Қонаев электр пойызын қалпына келтіруді тапсырды

Президент Алматы-Қонаев электр пойызын қалпына келтіруді тапсырды Сурет: Drive2.ru

Бұған дейін Алматы мен Қонаев қалалары арасында арнайы электр пойызы жүретін.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытты қалпына келтіруді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мұндай шара Алматы маңындағы көлік кептелісін азайтады.


Тоқаевтың айтуынша, өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру басты басымдықтардың бірі болып табылады. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, өңірдің көлік желісін жақсарту бойынша кешенді шаралар әзірлеуі керек.



«Жолаушылар мен жүк тасымалының мүмкіндіктерін кеңейту үшін жағдай жасау қажет. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев қалалары арасындағы жолмен қатар теміржол желісін дамыту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Тоқаев мұнда өңіраралық көлік дәліздерін дамыту ерекше маңызды екенін атап өтті. Жобаның сәтті жүзеге асуы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына септігін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09