Өзбекстанда аммиак зауытында жарылыс болды

Өзбекстанда аммиак зауытында жарылыс болды Сурет: Podrobno.uz

Оқиғаның себеп-салдары мен жарылыстан зардап шекендер анықталуда.



Бүгін таңертең Ташкент облысындағы аммиак зауытының синтездеу бөлімінде жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Сейсенбі күні таңғы сағат 8:30 шамасында Ташкент облысы Шыршық қаласындағы Maxam Chirchiq зауытындағы аммиак-1 синтездеу бөлімінде өрт шығып, оның салдарынан жарылыс болды», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз хабарламасында.



Облыс әкімі Зойыр Мирзаев жауапты басқармаларға оқиғаның салдарын тез арада жоюды тапсырды.


Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен арнайы техника оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады.


Өртті ауыздықтау және жою шаралары жүргізілуде. Оқиғадан зардап шекендер мен себеп-салдары анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48