Өз елінде ант қабылдады

Өз елінде ант қабылдады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бүгін 18 тамыз  - елімізде  шекарашылар күні. Яғни, шекарашылардың кәсіби мерекесі. Осы күні  1992 жылы Елбасының Жарлығымен елімізде  Шығыс шекаралық округінің базасында Шекара әскерлері құрылған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Осылайша биыл ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына табаны күректей 31 жыл толып отыр.  Содан бері өзіне жүктелген жауапты міндетті абыройлы атқарып жүрген шекарашылар өз қызметтеріне мін түсірген емес.


Дәстүр бойынша, аталмыш мерекені ҚР ҰҚК Шекара  академиясының жеке құрамы оқуға енді ғана түскен курсанттарға әскери ант қабылдау рәсімінен бастады. Бұл жолы биыл ғана Ресей Федерациясының әскери жоғары оқу орындарына жолдама алған 30-дан астам курсант Отан алдында әскери ант қабылдады. Шекарашылар күніне тұспа-тұс келген мерекеге болашақ шекарашы офицерлердің ата-аналары мен туған-туыстары қатысты.



Салтанатты рәсімде академия бастығының міндетін уақытша атқарушы  полковник А.Исмаилов: «Қайырлы күн, құрметті офицерлер және әріптестер мен курсанттар! Бүгін академияның плацында тұрған бірінші курс курсанттарының өміріндегі жарқын және ұмытылмас күн. Сіздер бүгін Отан алдында әскери ант бердіңіздер. Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының жоғары әскери оқу орындарында оқыған жылдарыңызбен өткізген алтындай уақыттарыңыз сіздер үшін еліміздің бет-бейнесі ғана болып қана қоймай, табысты кәсіби қызметіңіздің кепілі болатынына сенімдімін. Әскери ант  - бұл жай ғана ресми іс-шара емес, антқа өмір бойы адал болуға берілген серт. Бүгіннен бастап өмірлеріңізде жаңа кезең басталады. Айтып отырған антыңыз сіздерге үлкен жауапкершілік жүктейді, жаныңызды аямай Отанды қорғауға міндеттейді. Шекара асып шетелде оқу, білім алу сізге үлкен жауапкершілік болып табылады. Өйткені, сіздер шетелдегі еліміздің өкілісіздер. Сіз өзіңіздің кәсіби қызметіңізге қажетті білім мен жақсы дағдыларды аласыз деп үміттенемін», - деді.




Ал ата-аналар атынан сөз алған курсант А.Ахмуллаевтың анасы А.Абдраммова аналық ақыл кеңесін айтып, сәті түсіп оқуға аттанайын деп отырған барша курсанттардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.


Өз кезегінде курсанттар атынан сөз алған М.Нұрболат барша қаруластарын Отан алдында  берген әскери антқа адал болуға шақырды.  Әскери анттың азаматқа бір ақ рет қана берілетін қайталанбас маңыздылығына тоқталды.    


Бұл жылы Ресей Федерациясының әскери оқу орындарынан бөлек, тұңғыш рет Түркия Республикасына 6 курсант аттанғалы отыр. Олар Стамбулдың әскери теңіз академиясына және Анкара қаласындағы «Кара Харп Окулу» құрлық әскерлерінің әскери училищесіне барады.  Бұл жылы оқуға түскен қазақстандық шекарашылардың арасында қыздар жоқ екен. Әйтпесе, жыл сайын  жоқ деген де бір бойжеткен Ресейдің Санкт- Петербург қаласында орналасқан әскери медицина академиясына аттанатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09