Отбасын құру жағынан Астана алда

Отбасын құру жағынан Астана алда Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Астана тұрғындары неке құру жағынан алдыда келе жатыр. Негізінен ең жас неке тұрушылардың көбі аталған өңірде тіркеледі екен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


2023 жылдың қорытындысы бойынша елордада 1000 тұрғынға шаққанда 7,46 адам үйленген. Осылайша Астана неке құру жағынан өзге өңірлерге қарағанда тізімнің алдына шықты. Керісінше еліміздің оңтүстігі  – Түркістан облысы тізім соңында қалған. Бұл облыста неке коэффициенті - 5,55 болып тіркелген.


 Сол секілді тағы бірнеше қызықты фактілер.



  •  10 жағдайдың 8-і қазақстандықтар алғаш рет үйленеді. Күйеу жігіттің орташа жасы-27, ал қалыңдық-25 жас.

  •   Егер нақты жас ерекшелігіне қатысты айтатын болсақ, онда 2023 жылы некеге тұрған жігіттердің көпшілігі 20-дан 39 жасқа дейін (85%) болса, қыздар жағы 18-ден 34 жасқа дейін (82%) шаңырақ көтерген.  


 Атап айтар тағы бір қызықты жайт, жаңадан шаңырақ көтерген отбасының әрбір бесіншісі ұлтаралық болып табылады.


 Ер жігітке тұрмысқа шыққан қалыңдықтың 41 пайызы жоғары білімді екен. Ал жігіттер жағы қыздарға қарағанда бұл жағынан 39 пайызға төмен көрінеді.



  •    Отбасын құру жағынан маусым мен тамыз айларында өте белсенділік байқалса, қаңтар мен ақпан айларында керісінше үй болуға ниеттілер өте аз тіркеледі екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37