Отандық IT саласында 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Отандық IT саласында 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Сурет: ашық дереккөз

Astana Hub технопаркі отандық IT саласында маман даярлауды жалғастырып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технопарктердің бірі. Оның қызметі IT бизнес үшін экожүйені қалыптастыруға, IT таланттарды қолдауға және стартап жобаларды дамытуға бағытталған. Қазір Astana Hub-та 1 212 IT компания тіркелген. Оларға ақпараттық-оқу, материалдық инфрақұрылым, бизнесті дамыту бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық тәртіп тұрғысынан қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда 7 мыңнан ас адам біздің бағдарламаларымыздан өтті. Astana Hub қатысушылары IT саласында 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрды», - деді Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова ОКҚ-де өткен брифингіде.



Хаб басшысының айтуынша, жұмыстың негізгі бағыттарының бірі IT саласындағы қазақстандық таланттар пулын толықтыруға бағытталған.



«Astana Hub білім бағдарламаларының қызметі технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін қажетті дағдыларды оқыту. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен іске асқан бағдарламалардың, курстар мен іс-шаралардың негізінде Astana Hub білім бағдарламалары кеңсесі IT экожүйеге жаңа таланттарды тарту, стартапшылар, фрилансерлер мен кәсіпкерлердің қоғамдастығын дамытуға қолайлы жағдай жасалған», - дейді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49