Өскеменде кене энцефалитіне тағы бір адам шалдықты

Өскеменде кене энцефалитіне тағы бір адам шалдықты Cурет: pixabay.com

Шығыста биылдың өзінде 2 мыңдай адамды кене шаққан


Өскеменде тағы бір адам кене энцефалитіне шалдықты. Ол зиянкес шаққан соң дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген. Қазір денсаулығы жақсы, ем-дом алып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мамандар кене шаққан жағдайда бірден дәрігерге қаралуды ескертеді. Өйткені жәндік тістеген соң қанға вирус түссе, адам мүгедек болып қалуы ықтимал. Ал кене энцефалитіне шалдыққан адамның бастапқыда басы айналып, лоқсып, қызуы көтерілуі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.


Жалпы, шығыста биылдың өзінде 2 мыңдай адамды кене шаққан. Оның 30 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Дегенмен мамандардың айтуынша өткен жылдармен салыстырғанда зиянкестен зардап шеккендер саны биыл әлдеқайда аз. Кене энцефалитіне шалдыққан екі науқас та дәрігерлердің бақылауында.



«Науқастар кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбегендіктен, оларға профилактикалық мақсатта кенеге қарсы иммуноглобулин салынған жоқ. Науқастар қазіргі уақытта арнайы ем қабылдауда. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында»,-дейді облыстық Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Бағлан Тауанова.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09