Опасыздық тесті, баланың жынысы және генетикалық паспорт

Опасыздық тесті, баланың жынысы және генетикалық паспорт Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда қала тұрғындары арасындағы танымал ДНҚ зерттеулері туралы айтылды.


Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ДНҚ зертханасының меңгерушісі Дина Мукушкинаның қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Маман гендік саусақ ізінің көмегімен туыстық қатынас, баланың жынысы, ауруға бейімділік, дарын, ұлт, тіпті опасыздық қалай анықталатынын айтты.


Журналистер алдында сөз сөйлеген Дина Мукушинаның ойынша, ДНК талдауының нәтижесі бір қарағанда  таңқаларлық мәліметтер алуға мүмкіндік береді.


Алматыда және бүкіл  елде мұндай қызметтер өте танымал, генетиканың бұл саласы дамып келеді. ДНҚ талдауы жоғары ғылыми технологиядан әр пациентке қолжетімді кең ауқымды  зерттеулер санатына өтті.


Маман Дина Мукушкина қыркүйек айының басында ДНҚ бірегейлігі күнінің атап өтілгенін еске салды.



«ДНҚ физикалық тұрғыдан тек тұқым қуалайтын ақпаратты сақтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар бір жасушадан бүкіл ағзаның дамуына нұсқау болып табылатын макромолекула. ДНҚ бірегейлігі алғаш рет 1984 жылы 10 қыркүйекте британдық генетик Алек Джеффриспен анықталған. Ол әр адамның ДНҚ-сы қайталанбайтын бірегей екенін анықтады », - деп бастады сөзін ӨКҚ -ің спикері.



Сол кезден бастап генетикалық саусақ ізі туралы түсінік пайда болды. Саусақ іздері сияқты, генетикалық сынақтардың арқасында сіз туыстық қатынасты орната аласыз, адамның қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтай аласыз. ДНҚ алғаш рет әртүрлі генетикалық материалдардың арқасында идентификация жүргізілетін криминалдық салада қолданылды.



«Кейінірек ДНҚ медицинада қолданыла бастады, олар ауруларды ерте кезеңдерінде анықтауға, олардың тұқым қуалаушылығын, тамақтану ерекшеліктерін, тіпті таланттарға бейімділігін, туыстық қатынасын және т.б.-да анықтауға кірісті», - деді Дина Мукушкина.



Журналистердің сұрақтарына жауап берген зертхана меңгерушісі бүгінгі таңда қандай қызметтердің сұранысқа ие екенін айтты.



«Ұйқыдағы тұқым қуалайтын аурулар деген бар, олар бір ұрпақта кездеспеуі мүмкін, келесі ұрпақта пайда болады. Дәл осындай жағдайларда қала тұрғындары генетикалық факторларды зерттеуге жүгінеді. Вирустық инфекциялар ерте кезеңде дами бастағанда генетиктер адам қанындағы бөгде ДНҚ-ны анықтай алады, сонымен қатар, мысалы, егер отбасында қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы болса адамның тұқым қуалаушылығын анықтауға болады. Жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде 10-шы аптаға дейін генетиктер ұрықтың созылмалы ауытқуларын анықтай алады", - деді Дина Мукушкина.



Сонымен қатар, алматылықтар ДНҚ зертханасында анасының веналық қанын тапсыру арқылы баланың жынысын анықтауға мүмкіндік алды.


Дина Мукушкина күн сайын әкелік, аналық және туыстық қатынастарды орнатуға өтініш білдіретінін айтты. Әдетте, емделушілер анонимді түрде жүгінеді. Факторлар әртүрлі болуы мүмкін. Бұл туыстарды іздеу, мұраны бөлу.


Жұбайлардың бір-бірінің көзіне шөп салып, сатқындық жасауына да талдау жасату сұранысқа ие болып отыр.. Азаматтар әртүрлі биоматериалдарды немесе тасымалдаушыларды әкеледі.



«Бұл болжамды опасыздық жасаушы мен соған қатысы бар болуы мүмкін күдікке іліген адамның генетикалық талдауы. Егер дәлел болса, біз сот-медициналық әдістер арқылы ДНҚ-ны анықтаймыз, ДНҚ-ны бөліп аламыз, генетикалық профильді тексереміз. Яғни, адамдар бұған қалай қатысы бар екенін нақты айта алады», - деді меңгеруші.



Тағы бір танымал генетикалық және әлеуметтік тест-олардың шежіресі мен шығу тегін анықтау. Сонымен бірге, Дина Мукушкина жер бетіндегі барлық адамдар бір ата-бабалармен байланысты екенін еске салды.


Дегенмен, генетиктер көбінесе медициналық зерттеулермен айналысады. Сүт безі обыры, аналық без обыры, Альцгеймер және Паркинсон сияқты аурулардың тұқым қуалаушылығына зерттеу жүргізу.


Қорытындылай келе, маман өздерінің зертханасында генетикалық паспорт деп аталатын генге сәйкес тамақтануды жүргізетінін айтты.



«40-60% адамның артық салмақпен немесе қандай да бір тағамға бейімділігімен проблемалары бола ма, ол да генетикалық факторларға байланысты. Мысалы, кейбір адамдар дәмі тіл қуыратын кофені бейқам іше алады, брокколи жейді, олар үшін бұл дәм қалыпты болады. Ал бұл дәмді қабылдай алмайтындар бар. Денедегі майлардың ыдырауы да гендерге байланысты жүреді. Кейбір адамдарда осы немесе басқа диетада майлардың ыдырауы қырық пайызға, ал кейбіреулерінде 100 пайызға кетеді», - деп түсіндірді Дина Мукушкина.



Гендер қант, алкоголь, дәрумендерді сіңіру үшін де жұмыс істейді. Алайда, барлығына гендерді кінәламауыңыз керек, генетикалық факторлардан басқа, адамның өмір салты, психомиметика және тамақтану туралы ұмытпау қажет. Диетаны және физикалық белсенділікті таңдағанда дәрігер генетикалық маркерлерді тексеруге кеңес берді.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49