Өнерде жоқ шекара

Өнерде жоқ шекара Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткер, әлемге әйгілі коллекция жиюшы, меценат, ақын, жазушы Азат Әкімбектің жеке коллекциясынан, 75 жылдық мерейтойына арналған «Орта Азия ұйғыр суретшілерінің туындылары (кескіндеме, графика)»  атты көрме ашылады.


Азат Әкімбек – 1972 жылдан бастап бүгінге дейін Шығыс Түркістан, Қашқар, Хотан, Турфан, Кучар, Ақсу және басқа да қалалардың шеберлері жасаған ұйғыр халық-қолданбалы өнерінің бірегей жинағын жинай алды.  Елімізді қосқанда, шетелдерде 74 көрмесі өткен.
Қазақстанда ұйғыр бейнелеу өнерінің даму тарихын бірегей деп атауға болады. Ұйғыр халқы қазақ жерінде бірнеше ұрпақ бойы өмір сүріп келе жатқан үлкен топты құрайды. Ұйғырлардың көркемдік мәдениетінің ерекшелігі – дәстүрлі ұйғыр өнерін құрметпен сақтап, оларды заманауи сәндік-қолданбалы, музыкалық және би саласында дамыту. Ұйғырлар арасында кәсіби бейнелеу өнерінің бастауы заңды түрде Авакри Шамсиге (Әбубәкір Шамсутдинов (1903–1987), ал қазақтар арасында  Әбілхан Қастеевке тиесілі.
Көрмеге ұйғыр суретшілерінің 70-тен астам туындысы қойылады. Олардың барлығы да шығармашылық алаңында белсенділік танытып жүрген әлемге әйгілі шеберлер. Кәсіби білім алған, елге танылған бұл суретшілердің буыны, Алматы мен Алматы облысының тумалары.
Көрермен назарына кәсіби өнерде – кескіндеме мен графика саласында  жұмыс істеген және бүгін де жұмысын жалғастырып жүрген суретшілер:  Өзбекстанның халық суретшісі, Өзбекстан өнер академиясының академигі Медат Кагаровтың, Канна (Франция) халықаралық көрмесінің алтын медалінің иегері Абдукарим Исаның, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚазБСҚА дизайн факультетінің профессоры Аркен Зульфикардың, Өзбекстанның халық суретшісі, Өзбекстан Өнер академиясының академигі, Ресей Өнер академиясының құрметті академигі Леким Ибрагимовтың, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сәбит Бабаджановтың, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан өнер академиясының академигі Ахмет Ахаттың, ҚХР СУАР өнер академиясының президенті Керим Насирдиннің және тағы басқа да қылқалам шеберлерінің бірегей туындылары ұсынылады.


– Заманауи ұйғыр суретшілерінің шығармашылық негізіне үйлесімділік, өмірге деген мейірімді көзқарас, оның құндылығы мен қуанышын сезіне білу, өзінің тарихы мен мәдениетін мақтан тұту, күнделікті өмірден қарапайым бақытты көру қабілеті оларға гуманистік серпілісті жеткізетін туындылар жасауға мүмкіндік береді, – дейді музейдің «Шетел классикалық өнері» секторының жетекшісі А.Айдымбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08