Өмір – ғажап!

Өмір – ғажап! storonaslov.ru

Австралиялық Ник Вуйчич сирек кездесетін синдроммен – екі қолы, екі аяғы жоқ күйінде туған. Бірақ ақыл- есі сау. Сондықтан да ата-анасының өтінішімен мүгедектерге арналған емес, кәдімгі мектепте білім алуға мүмкіндік алған.


Ол туған кезде дәрігерлер ата-анасына «Өте өкінішті, сәбилеріңіз ешқашан жүре алмайды» деген екен. Өмірге құштар Ник бұл үкімді жоқ­қа шығарды, тіпті аяқ тұсындағы кішкене екі саусағының көмегімен тісін ысуды да өзі үйре­не бастаған.


Әрине, оған қол-аяғы бүтін сыныптастары­мен бірге оқу аса оңай бола қоймаған. 10 жасын­да сыныптастарының мазағына, кемсітуіне шы­дамай, суға батып өлгісі келген көрінеді. Бірақ оны бұл райынан ата-анасы қайтарған. Ол қол- аяқсыз-ақ серфингпен айналысты, скейтборд тебе бастады. Бос уақытында гольф ойнағанды ұнататын. 19 жасынан бастап жасөспірімдер, студенттер алдында өзі туралы әңгімелеп, олар­ды өмірді сүюге үндей бастаған. Оның оратор­лық қабілеті дәл осы кезде ашылған секілді.


Аяқ жағындағы кішкене саусақтарының кө­мегімен компьютерде минутына 45 сөз теру арқы­лы кітап жаза бастаған. Бертін келе өзінің өмір жолы, кездескен қиындықтары мен қызық-қуа­ныштары және қандай қиындық болса да мойыма­ған мүгедек жандар туралы баяндайтын «Жизнь без границ», «Неудержимый», «Любовь без гра­ниц», «Будь сильным» сынды кітаптарын жазып шығарған. Ол екі жоғары оқу орнын бітірген, бухгалтер және қаржыгер деген екі мамандығы бар. Қазіргі таңда – миллиондаған адамға шабыт сыйлаушы мотиватор, оратор және меценат. Әлемнің 60-қа жуық елін аралап, мектептер мен университеттерде шеберлік сабақтарын жүргізіп, өмірден баз кешіп жүрген көптеген жанның жү­регіне үміт отын жаға білген мейірімді адам.



Никтің бүгінде сүйікті әйелі, төрт баласы бар. «Мен де, менің әйелім де кедей отбасынан шыққанбыз. Менің айнамның алдында аш, бі­рақ жымиып тұрған африкалық жетім баланың суреті ілініп тұр. Мен сол суретке қараған са­йын өмірде қандай қиындық болса да шүкір ете білу керектігі, есейген кезде жетімдерге қолұшын созғым келетіні туралы ойлайтынмын. 19 жасқа толғанда Африкадағы жетім балаларға 30 мың доллар аудардым. Мен бұл мақсатқа бірден жетпесем де, біртіндеп жеттім. Бүгінде зайыбым екеуміз 15 жетім балаға тұрақты түрде демеушілік жасаймыз. Менің балаларым ол балаларға хат жазады. Өз балаларымды қайы­рымды, мейірімді болуға үйретемін. Әр адам өзінен бастауы керек!», – дейді ол.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03