Н.Назарбаевтың кеткеніне - 5 жыл

Н.Назарбаевтың кеткеніне - 5 жыл Сурет: Akorda.kz

Көзден кетсе де, көңілден кетпеді....


Елді 30 жылдай басқарған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурыз күні Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтатқан еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осыдан бес жыл бұрын дәл осы күні сол кездегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеу жолдады. Онда ол Президенттіктен кететінін мәлімдеген болатын:



«Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес.


Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады.


Халқым маған тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді.   


Кеңес империясы құлаған сәтте біздің саясатымыз бен экономикамыз құлдырап қалды. Ел ішінде қобалжу мен түсініксіз жағдай орын алды. 


Ішкі жалпы өнім екі есе қысқарды, азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлардың тапшылығы айқын сезілді. Бір мезетте ірі зауыттардың бәрі тоқтап қалды. Дүние төңкеріліп кеткендей көрінді.


Бұл сынақ болатын. Біз одан сүрінбей өтіп, дамудың қазақстандық жолын салуға белсене кірісіп кеттік», - деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурыздағы үндеуінде. 



Сол кезде Назарбаев өзінің орнын оған лайықты азамат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлына сеніп тапсырған еді. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:26

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00