Назарбаев кітабының авторлық көшірмесін Путинге сыйлады

Назарбаев кітабының авторлық көшірмесін Путинге сыйлады Сурет: nazarbayev.kz

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірбаяндық кітабы 1 желтоқсанда жарық көрді.


Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Автор кітабының бір данасын Кремльге жіберген.



"Нұрсұлтан Әбішұлы кітабын Владимир Владимировичке жіберді. Ол біздің президентке беріледі. Себебі, бұл – автордың көшірмесі", - деді Песков брифингте.



Назарбаевтың "Менің өмірім. Тәуелділіктен бостандыққа" кітабы 22 тараудан тұрады. Олардың әрқайсы автордың жеке өміріндегі немесе оның саяси мансабындағы түрлі оқиғаға арналған.


Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің екінші әйелі мен тағы екі ұлы бар екенін мойындады. Сондай-ақ Қазақстан Президенті лауазымында мұрагер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдау туралы шешім және 2022 жылғы қаңтарда республикадағы жаппай наразылықтар туралы айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03