«Наурызға» 1-мамырдан бастап өтінім қабылдайды

«Наурызға» 1-мамырдан бастап өтінім қабылдайды Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

1 мамырда іске қосылуы тиіс «Наурыз» ипотекасының бірқатар шарттары белгілі болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Әзірге белгілі шарттары мынадай: Мөлшерлемесі: әлеуметтік осал топтарға 7 пайыз болса, қалған тұрғындар 9 пайызбен алады.


Бастапқы жарна 20 пайыздан басталады.


Несие мерзімі – 19 жыл. Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында қарыздың шекті сомасы анықталмады. Бірақ «Отаудағыдан» жоғары болуы мүмкін.


Қатысушының атында соңғы бес жылда жылжымайтын мүлік болмауы керек, отбасы мүшелері (жұбайы, балалары) де үймен байланысты мәміле жасамауы қажет.


Krisha.kz мәліметінше, бұл тұрғын үй бағдарламасымен Астана, Алматы, Шымкент және облыстық маңызы бар қалаларда тек жаңа үйден пәтер қарауға рұқсат беріледі.


«Наурыз» ипотекасының «Отаудан» екі айырмашылығы бар:



1. Кез келген уақытта ашылған депозитпен үміткер атануға мүмкіндік бар. Алайда шотта кем дегенде 1 млн теңге болуға тиіс.


2. Әлеуметтік осал топқа кіретін тұрғындар 7 пайызбен рәсімдейді.



Биыл банк «Наурыз» бағдарламасына 1 мамырдан өтінім қабылдайды, ал кейінгі жылдары бұл процесс оның атауына сәйкес көктемнің алғашқы күні басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13