Наурыз қарсаңында студенттер арасында республикалық айтыс өтті

Наурыз қарсаңында студенттер арасында республикалық айтыс өтті Сурет: Inform.kz

Атырауда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында студенттердің «Біз жанбасақ...» республикалық айтысы өтті


Студенттердің айтысы академик Зейнолла Қабдоловтың 95 жылдығына арналды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ұйымдастырған айтысқа еліміздің жоғары оқу орындарынан 16 студент қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Айтыстың бас жүлдесіне Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Батыржан Кәдірбай лайық деп танылды. Бірінші жүлдені Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Райымбек Өтепов иеленді. Екінші жүлдеге Қарағанды техникалық университетінің студенті Бекарыс Оспанов ие болды. Үшінші орынды Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетінің студенті Бимырза Әбілқайыр мен Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық университеттің студенті Сағыныш Смет еншіледі.


Сондай-ақ, қазақ ұлттық өнері – айтысқа бет бұрған студенттерге 6 арнайы жүлде берілді. Мәселен, Исатай ауданының әкімдігі Насихат Сүгірұлы мен Нұралы Әжіғалиев, Қызылқоға ауданының әкімдігі Кәдірбай Жолаев пен Мақсот Саркенжеев атындағы арнайы қаржылай сыйлық ұсынды. Ал, жылыойлық өнер жанашырлары Салауат Исақаев атындағы жүлдеге демеушілік жасады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52