Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек: Тоқаев атом сынағы туралы

Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек: Тоқаев атом сынағы туралы Сурет: Akorda.kz

Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады», - деді Мемлекет басшысы.



Еске салайық, бүгін – БҰҰ деңгейінде Ядролық қарудан бас тарту күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін Қазақстан бастамасымен жарияланған болатын.


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Роберт Флойд осы датаға орай бірлескен мәлімдеме тартты. Онда барлық мемлекетті ядролық жарылыстарға мораторийді сақтауды жалғастыруға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37