«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды Сурет: Egemen.kz

Аталған конкурс ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес елімізде жыл сайын өткізіледі.


Мақсаты - отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және кеңінен насихаттау, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық, қалалық кезең, екінші – облыстық кезең.


Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық, қалалық комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.


Конкурсты ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09