Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚХР Үрімші басқармасы басшылары кездесті

Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚХР Үрімші басқармасы басшылары кездесті Сурет: gov.kz

2023 жылғы 21-22 желтоқсанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара маңы кеден органдары басшыларының кездесуі өтті.


Талқылауға шығарылған басым мәселелердің бірі өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру болды. Осы мәселе шеңберінде «Нұр Жолы – Қорғас» өткізу пунктіндегі тәулік бойғы жұмыс режимі, сондай-ақ «Майқапшағай-Зимұнай» және «Қалжат-Дулаты» өткізу пункттеріндегі 7 күндік 12 сағаттық жұмыс режимі бойынша пилоттық жобаларға бағалау жүргізілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Тараптар осы өткізу пункттері арқылы тауар ағынының оң серпінін атап өтіп, пилоттық жобаларды іске асыруды жалғастыруға келісті.


Бүгінгі таңда шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде орналасқан барлық автомобиль өткізу пункттері 7/12 режимінде, ал «Нұр Жолы» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істейтінін атап өтеміз.


Сонымен қатар, кездесу барысында агроазық-түлік өнімдері үшін «жасыл дәлізді» ілгерілету және қазақстандық жоғары сапалы агроазық-түлік өнімдерінің Қытайға қолжетімділігін ілгерілету бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінің директоры Саудабаев Елдос басқарды.


Қытай делегациясын Үрімші кеден басқармасының бастығы Хао Ваймин басқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49