Мектептерде тамақтануға негізсіз қаражат төленген

Мектептерде тамақтануға негізсіз қаражат төленген Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Прокурорлар жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілерін анықтаған.



Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.


Алайда білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген, - делінген ведомство хабарламасында.



Осыған ұқсас заңбұзушылықтар облыстағы барлық мектепте анықталған.


Анықталған заңбұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09