Мектептен тыс оқыту – білім көзін кеңейту

Мектептен тыс оқыту – білім көзін кеңейту Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіне кірген отандық білім беру саласында көптеген игі өзгерістер жүзеге асуда. Қазақстандық оқушылар халықаралық сайыстарда өздерінің жоғары білім деңгейімен биік тұғырлардан үздіксіз көрініп, мемлекет тарапынан жасөспірімдер мен олардың жетекшілерінің еңбегі бағаланып жатыр. Сонымен қатар PISA, TIMSS сияқты халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламалары бойынша алғашқы жылдармен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерге ие болуда. Еліміздің жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, әлемдік білім беру жүйесінің озық тәжірибелерімен танысуда. Қазіргі уақытта білім беру саласында үздік жетістіктерге жетіп, өзіндік оқыту жүйесін қалыптастырған мемлекеттердің қатарында Сингапур бар. «Азия барысы» деп аталған мемлекеттің мектептері аз уақыттың ішінде әлем үздіктері қатарына енген. 2023 жылдың шілдесінде Сингапурде өткен тағылымдамалық іссапарда  Алматы қаласы Бостандық ауданы М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің директоры Күлжан Сауытқызы Шажабаева болды. Үздік тәжірибемен танысқан мектеп басшысы Қазақстанға оралған соң бірнеше семинар өткізді.



Ең алдымен, мектеп басшысы №92 мамандандырылған лицей ұжымын тағылымдамалық іссапар қорытындыларымен таныстырды. «Сингапур елінің білім жүйесіндегі негізгі ерекшеліктері неден байқалады?» тақырыбындағы презентациясы арқылы білім саласында толағай табыстарға жеткен елдің оқыту жүйесіне шолу жасады.


Сөйтіп, лицей қабырғасында жүргізілген теориялық және практикалық жұмыстардан соң тәжірибе бөлісу мақсатында аудандық және қалалық деңгейде бірнеше семинар өткізілді. 2023 жылдың 20 желтоқсанында «Алматы мектептері: Мектептен тыс оқыту – білім көзін кеңейту» атты қалалық семинар өткізілді. Қала педагогтеріне арналған іс-шараның мақсаты – лицейдің мектепішілік бақылау жүргізу бағытындағы жұмыстары мен электронды құжаттар жүйесімен таныстырып, тәжірибе алмасу.


Сондай-ақ лицей директоры К.С.Шажабаева «Алматы мектептері» жобасы аясында Сингапур мемлекетінде өткен тағылымдамалық іссапардың нәтижелерімен бөлісті. Сингапур мектептерінің  білім беру тұжырымдамалары мен оқыту бағдарламалары, орта білім беру ұйымдарының тәжірибелерін ескере отырып,   әр пән бойынша оқытуды ұйымдастырудың формаларын (мектептегі сабақ, табиғатты бақылау сабағы, саяхат сабақ, зертханалық сабақ, жоба қорғау сабағы, оза оқыту сабағы, өндірістік сабақ, музей сабағы, театр сабағы т.б.) түрлендіру арқылы балалардың нақты тақырып бойынша білім алуының түрлі көздері мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында лицейде жүргізілген  «Мектептен тыс оқыту – білім көзін кеңейту» жоба жұмысымен таныстырды. Семинар аясында дәстүрлі емес форматта өткізілген бірнеше сабақ таныстырылды.


Семинарға қатысушылар Сингапурдың білім жүйесінің озық тәжірибесімен ұштасқан лицейдің жоба жұмыстарымен танысты және мектепішілік бақылау жұмыстары бойынша құнды ақпарат алды.


Одан бөлек, «Мектептен тыс оқыту – білім көзін кеңейту» жобасы аясында аудан кітапханашылары үшін семинар өткізілді. Мектеп директоры Күлжан Сауытқызы Сингапур мектептеріндегі кітапханалардың жұмысымен таныстырды. Кітапханаларда кітаптардан басқа түрлі ойыншықтар, ертегі кейіпкерлері бар. Балаларға сабақ аяқталған соң бірнеше сағаттарын кітапханада өткізуге жағдай жасалған. Балалардың оқу сауаттылығын арттыруда ата-аналар маңызды рөл атқарады. Кітапханашылар ата-аналарға арналған «Оқу қызықты: қазір баста!» тақырыбында семинарлар өткізеді. Бұл игі дәстүр лицей қабырғасында да жүргізілуде. Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының: «Артық ғылым – кітапта, ерінбей оқып көруге»  деген даналығының негізінде мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Лицей оқушылары  «Балалар оқуы», «Абай оқулары», «Мағжан оқулары», «Мұқағали оқулары»,  «Айбергенов оқулары» т.б. шығармашылық  байқауларында жүлделі орындарға ие болды.


М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Мектептен тыс оқыту – білім көзін кеңейту» тақырыбындағы жоба жұмысы жалғасуда. Алдағы уақытта лицей оқушыларымен жүргізілетін дәстүрлі емес форматтағы сабақтардың саны артады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар білім алушылардың зерттеушілік және шығармашылық бағыттағы жұмыстары да өзінің жалғасын табады. Ең бастысы, мектеп ұжымының әр мүшесі, Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, ұстаз тарапынан әр істе барынша ынталылық пен табандылық қажет екенін түсінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37